×

Астанада Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордалықтарға 500 тоннаға жуық өнімдер ұсынылады

 Динара Амантай 16.09.2023 | 11:44
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 16-17 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтіп жатыр. Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн теңге болатын 500 тоннаға жуық өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылады.

Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.

Сырбойылықтар жәрмеңкеге 135 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 260 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдерін ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама