Қазақстан әскерінің ҰҚШҰ құрамындағы жедел әрекет ететін тобы елге оралды

Дәурен Ерболат

Онда 500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника болды

Фото: egemen.kz

Беларусьте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскери оқу-жаттығуына Қазақстанның жедел әрекет ететін тобы қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Беларусьтің Брест қаласында ҰҚШҰ-ның әскери жаттығулары өтті. Ондағы мақсат – терроризмге қарсы әрекет ету. Қазақстаннан 11 әскер қатысты. Олар – жедел әрекет ететін топ. Бүгінде олар елге оралды. Онда бір апта болды, - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Беларусьте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымның «Жауынгерлік бауырластық – 2023» әскери оқу-жаттығулары өткен еді.

Бірлескен әскери оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскерилері (жалпы саны – 2,5 мың адам) қатысты. Сондай-ақ онда 500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника болды.

Мұндай әскери оқу-жаттағу жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ҰҚШҰ-ға Беларусь төрағалық етіп отыр. Сондықтан «Жауынгерлік бауырластық – 2023» Брест қаласында өтті.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҰҚШҰ жаттығуына Қазақстанның әскери техникасын жөнелткені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.