×

Қарашығанақта мұнай өндіру көлемі қысқарды

Мұнай өндіру 3,3 мың тоннаға азайды

 Дәурен Ерболат 12.09.2023 | 12:28
Фото: mcc.k

Қарашығанақ кен орнында мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі қысқарды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Ведомство мәліметінше, биыл 11-15 қыркүйек аралығында Қарашығанақ кен орнында №3 газды кешенді дайындау қондырғысы толық тоқтатылды.

Қондырғы жұмысын толық тоқтату Орынбор газ өңдеу зауытының жөндеуге тоқтатылуымен және газды мүлдем қабылдамауымен байланысты.

11 қыркүйекте 3,3 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл 10 қыркүйекпен салыстырғанда 27 мың тоннаға аз», - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама