Балаға психологиялық көмек көрсетіледі
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайды зерттеу үшін Алматыға барды.
Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында «Мариям» жекеменшік мекемесінде тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі, - деді Есенғазы Иманғалиев.
Сондай-ақ жергілікті Полиция департаменті жасап жатқан тергеудің қорытындыларына байланысты шаралар да қабылданатын болды. БҒМ өкілдерінің айтуынша, сараптама нәтижесін күту маңызды.