×

Алматыда бастауыш сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған

Бірінші сынып оқушысының әкесі ұлы зорланғанын мәлімдеді, қалалық полиция бұл істің тіркеуге алынғанын хабарлады

 Динара Амантай 12.05.2022 | 10:45
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлаған. Полиция баланың әкесі арыз жазғанын растады. Бұл туралы Зорлық-зомбылыққа қарсы НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы Дина Смаилова мәлімдеді.

«Алматы қаласындағы жекеменшік мектептің жетінші сыныбында оқитын үш оқушы бірнеше күн бойы бірінші сынып оқушысын сабақ кезінде дәретханада зорлайды! Мұғалім баланы жіберіп, қорқынышты ештеңені байқамаған!», - деп жазды Дина Смаилова.

Құқық қорғаушы жазбасында баланың әкесі екі апта бұрын болған оқиға туралы біліп, полицияға хабарлағанын, бірақ тергеу тоқтап тұрғанын айтты.

Дина Смаилова осы жағдайға қатысты президентке ашық хат жолдап, кінәлілердің бәрін жазалауға көмектесуді сұрады.

Жазба жарияланғаннан кейін Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиға 21 сәуірде Наурызбай полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабының 4-бөлігі («Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша тіркелгенін хабарлады. Полицияға 1968 жылы туған ер адам жүгінген.

«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, солардың нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім шығарылады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын қадағалайтын процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу жан-жақты, толық және объектив қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелерін Алматы қаласының полиция департаменті бақылауға алды», - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08

Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Қалада 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді
27.05.2023 | 16:34