×

Лаңкестер «Көктөбе» телемұнарасы мен «Көк базарды» жармақ болған

Олар Сирия, Ауғанстандағы содырлардан нұсқау алып отырыпты

 Еркеғали Болатұлы 10.09.2023 | 13:33
фото: trip-for-the-soul.ru

Жуырда Қазақстан телеарналарынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің елдің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді қалай құрықтағаны туралы фильмі көрсетіледі.

Сюжеттің шиеленісті тұсында бір топ радикалдың Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болғаны, тағы бір тобының «Көк базар» сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздегені белгілі болады.

Қазақстан тәуелсіздігінің құндылықтарына қатер төндірген террористер қалай анықталып, ұсталды? Сирия, Ауғанстандағы содырлардан нендей нұсқау алып отырған? Бұл сұрақтарға жауапты ҚР Президентінің телерадиокешені дайындаған «Шыңырау» эксклюзивті фильмінен таба аласыздар, - делінген хабарламада. 

Бұл фильмнің жуырда отандық телеарналарда жарыққа шығатыны да нақтыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама