×

Ақмола облысында 700 бала мектепте кептеліп қалған, мұғалімдер телефонға түсіріп тұрған

Көкшетаудағы мектепте оқушылар бірін-бірі таптап кете жаздады

 Халық үні 09.09.2023 | 23:38
Фото: видеодан алынды

Ақмола облысында 700 бала мектепте кептеліп қалған, ал мұғалімдер телефонға түсіріп тұрған, деп хабарлайды KTK телеарнасы. 

Көкшетаудағы мектепте оқушылар бірін-бірі таптап кете жаздады. Бір мезетте үзіліске шыққан 700 бала тар жерде кептеліп қалған. Тіпті кейбіріне дем жетпей, жан дауысы шығып шыңғырып жатыр. Ал жағдайды көрген ұстаздар көмек көрсетудің орнына телефонға түсіріп тұрған.

Мектеп оқушылары алтыншы сабақтан соң қоңырау соғылысымен бір мезетте бірінші қабаттағы киім ілетін жерге асыққан. Бірақ ол жерде екі есіктің бірі жабық болып, дүрбелең туған. Жарақат алып жазым болғандар жоқ. Бастырылып қалған балалар да дін аман. Десе де білім ошағындағы балалардың қауіпсіздігін дұрыс үйлестіре алмағаны үшін мектеп директоры қызметінен кетуі мүмкін.

«Ортасында бәріміз бірге жүрдік. Жүргенімізді қайтейін, ешкім балаларды тоқтата алмады. Енді мені жұмыстан маған босат деп айтып жатыр. Ол талаптары, жоғарыдан, дұрыс деп ойлаймын. Кешегі күнде қандай атаана болсын, олар бізге балаларын сеніммен жіберді», - дейді Көкшетау № 1 мектеп-гимназиясының директоры Сандуғаш Нұрқанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама