Ақтөбеде скутер қаққан жаяу жүргінші мерт болды

Халық үні

Оқиға 8 қыркүйек күні болған

фото: polisia.kz

Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын жол ережесін қатаң сақтауға шақырады