×

Вице-премьер әйелдердің зейнет жасын қысқартуға қатысты жоспар барын айтты

Қазір Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасы - 60 жас

 Ербол Тұрымбет 12.05.2022 | 12:49
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасын қысарту мәселесі Әлеуметтік кодекс аясында талқыланатынын мәлімдеді.

Вице-премьер зейнет жасын қысқарту керектігін көтеріп жүрген санаттағы адамдардың көптігін айтып, бұл мәселе талқыланатынын жеткізді.

«Обьектиивті түрде айтсақ, бұл оңай мәселе емес. Халықаралық тәжірибені ескеріп отырмыз. Халықаралық тәжірибеде зейнет жасын төмендету туралы әңгіме жоқ. Бұл тақырыпты шахтерлер ғана көтеріп отырған жоқ. Мүгедектігі бар балалардың аналары да бұл көтеріп жүр», - деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, жыл соңына таман Әлеуметтік кодекс қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді.

Еске салайық, қазір Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасы 60 жас. Бұл жас категориясы 2027 жылға дейін осы қалыпта болады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр», - деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы ұсыны көтерген болатын. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға зейнет жасын қысқартуға қатысты сұрақ қойған еді.

Сайлаушылардан түсетін негізгі ұсыныстардың көбі әйелдердің зейнет жасына байланысты. Осыған қатысты сіздің көзқарасыңызды білсек, - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама