«Қазақстан халқына» қорының 818 грантын жеңіп алған түлектердің тізімі жарияланды

Халық үні

Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның белгілі бір критерийлері бойынша берілді

Фото: inbusiness.kz

«Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:

- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;

- жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;

- мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.

Тізімді қордың сайтынан көруге болады.