×

Алматыдан Тель-Авивке әуе рейстері іске қосылды

Енді елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық жедел дамиды

 Динара Амантай 07.09.2023 | 13:05
Фото: ашық дереккөз

Алматыдан Тель-Авивке әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама