«Ұлы дала жорығы»: бірінші күннің қорытындысы шықты
Марафоншылар 50 шақырым межені аяқтады
Бүгін «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге марафонының бірінші кезеңінде шабандоздар 50 шақырым межені жүріп өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бірінші кезеңнің 50 шақырымын алғашқы болып Жамбыл облысы 2 сағат 23 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздары 2 сағат 57 минутта екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 2 сағат 58 минутта үшінші болып келді.
Еске сала кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің шабандоздары 14 күндік марафонға аттанғанын жазған болатынбыз.
«Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы, Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.
Жобаның басты серіктестері: «Аманат» партиясы, Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 9 (Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Жамбы ату, Теңге ілу, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Асық ату, Тоғызқұмалақ) спорт федерациялары кіреді.