×

Жетісу облысында автокөлікте жасырылған заңсыз темекі тәркіленді

Көліктен 102 блок темекі табылды

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2023 | 10:39
Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті

«Қорғас-ШХЫО» кеден бекетінде Қазақстан азаматына тиесілі Audi 100 маркалы автокөлікке кедендік бақылау жүргізу кезінде салмағы 22,62 келі ORIS деген темекінің 102 блогы табылды. Заңсыз тауар автомобиль ішінде, яғни орындықтың артқы жағы мен автокөліктің багаж бөлімшесі арасында тауарды іздеуді қиындататын жасырын жерде жасырылған. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

ӘҚБтК-нің 549-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалана отырып жасыру немесе бiр тауарға басқалардың түрiн беру – құқықбұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып саналатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiктер тәркiлене отырып, 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Материалдар Жетісу облысы Панфилов аудандық сотына берілді. Соттың 2023 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырын өткізу үшін пайдаланылған Ауди 100 маркалы көлік пен тауарды тәркілей отырып, 25 АЕК (86 250 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама