×

Қазақстан - Финляндия матчының төрешілері белгілі болды

Төрт арбитрдың бәрі Румыниядан келген

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2023 | 16:36
Фото: football-fun-live.com

7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың төрешілері анықталды.

Бұл матчтың бас төрешісі болып Румынияның төрешісі Раду Петреску бекітілді.

Ойында Радуға оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Төртінші төреші – Марцел Бирсан.

Қазір турнир кестесінде төрт матчтан кейін Н тобында Финляндия мен Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар келеді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Суоми елінің бас командасы алда тұр. 

Матч Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. Командалар матчтан бір күн бұрын «Астана-Арена» стадионында ашық жаттығу өткізеді. 

Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2008 және ӘЧ-2022 іріктеуінде дәл осы финдермен бір топта ойнаған. Төрт матчта да қазақстандықтар қарсыласынан жеңіліп қалған.

11.10.2006:

  • Қазақстан – Финляндия (0:2)

22.08.2007:

  • Финляндия – Қазақстан (2:1)

04.09.2021:

  • Финляндия – Қазақстан (1:0)

12.10.2021:

  • Қазақстан – Финляндия (0:2)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама