×

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке дайындалып жатыр

Боксшы атақты мексикалықтың отандасымен спарринг өткізді

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2023 | 15:57
Фото: Жәнібек Әлімханұлының Facebook-тегі парақшасынан алынды

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр. Дайындық барысында ол кезінде Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жектерге дайындалған мексикалық боксшы Ласаро Лоренсанамен төрт раунд спарринг өткізді.

Спаррингтен кейін Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жеке шығуға дайын екенін айтты.

«Канелоның» спарринг қарсыласы мексикалық Лазаромен 4 раунд спарринг өткіздім. «Канелоға» дайындық бір күнге де тоқтаған емес, – деп жазды әлеуметтік желіге боксшының командасы. 

Жәнібек Әлімханұлы да атақты мексикалық боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама