Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Президент жаңа Экология және табиғи ресурстар министрін тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.
Бұған дейін президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қызметінен босатқан еді.