×

Жаңа ведомстволар құрылды: төрт министр қызметінен босатылды

Президент жолдауында жаңа екі министрлік құрылатынын айтты

 Халық үні 01.09.2023 | 17:11
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше министр қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.

  • Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды.
  • Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды.
  • Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды.
  • Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен құрылды:

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі;
  • Көлік министрлігі;
  • Туризм және спорт министрлігі;
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама