Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген агенттік хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.