×

Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады

Жеңіс Қасымбек «Астана – АЭК» АҚ-ға барып, кеңес өткізді

 Динара Амантай 04.09.2023 | 10:40
Фото: @jenis_qasymbek

Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда әкімі «Астана – АЭК» АҚ-ға арнайы барып, қаладағы электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесе талқылаған.

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ және 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Сол сияқты, кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторларын 80 МВА-ға ауыстырып, «Жұлдыз» 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысын жүргіземіз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сонымен бірге әкім Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа «Қазбек» 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталатынын жеткізді.

Сол сияқты кездесуде өзге де түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды, – деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама