×

WT Таэквондодан АЧ: Қазақстан үш жүлде алды

Азия чемпионаты Ливанның Бейрут қаласында жалауын желбіретті

 Дастан Жұмабекұлы 04.09.2023 | 10:45
Фото: olympic.kz

Ливанның астанасы – Бейрут қаласында WT таэквондодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталып, жарыстың бірінші күні ел қоржынына 3 жүлде түсті.

Азия чемпионатының қола жүлдесін Әлібек Нұрғазы (45 кг), Самал Берікқызы (+68 кг, екеуі де Алматы қаласынан) мен Атырау облысының спортшысы Мерей Мәлік (63 кг) иеленді.

Жақында Босния және Герцеговинаның астанасы – Сараево қаласында WT таэквондодан кадеттер арасында өткен әлем чемпионаты мәреге жетті. Бұл жолғы әлем чемпионатында жас таэквондошыларымыз 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасында жас жігіттеріміз Өзбекстан мен Италияны артқа тастап, бірінші орын алса, қыздар Иран мен Оңтүстік Кореяны алға жіберіп, үшінші орынға ие болды.

Бұдан бөлек, Мырзағали Суранов ерлер арасында «Үздік бапкер» номинациясының жеңімпазы атанды.

Кадеттер арасындағы келесі әлем чемпионаты 2025 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Фуджайра қаласында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама