×

Сенат Ұлттық банк төрағасы қызметіне Сүлейменовті тағайындауға келісім берді

Мемлекет басшысының Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беруі Сенаттың ерекше қарауына жатады

 Дәурен Ерболат 04.09.2023 | 10:05
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті жаңа қызметке тағайындауға келісім берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында мемлекет басшысының ұсынуын Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді. Депутаттар ұсынысты қолдады.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылған еді.

Айта кетейік, Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беруі Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама