×

Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол 3 дүркін «Қазақстан барысы»

 Халық үні 03.09.2023 | 07:28
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы болып тағайындалды. 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 22 тамызындағы №156 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды. Мекеме басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды, - деп жазды жергілікті әкімдіктен.

Айта кетейік, Бейбіт Абдрахманұлы Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында 1985 жылы туған. 3 дүркін «Қазақстан барысы». Еуразия барысында алтын белдік иеленген. Жамбыл облысы мәслихатының 7 шақырылым депутаты, «Жекпе-жек» клубының директоры болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама