Дүйсенова Еңбек министрі қызметінен босатылды
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Тамара Дүйсенова Еңбек министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін экс-министр Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу қойылатынын мәлімдеген еді. Содан кейін шектеу тек адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге қатысты болады деп түсіндірген болатын.