Halyq Uni логотип
×

Биыл ЖІӨ жан басына шаққанда 13,3 мың долларға дейін өскен

Инфляция төмендеп жатыр

 Дәурен Ерболат 31.08.2023 | 12:48
Биыл ЖІӨ жан басына шаққанда 13,3 мың долларға дейін өскен
Фото: Halyq Uni

Биыл 7 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) жан басына шаққанда 13,3 мың долларға дейін өсті. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы депутаттарға есеп берді. Оның пікірінше, пандемия мен күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында ел экономикасы сенімді өсім көрсетіп отыр.

2023 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі – 4,8%. Биыл экономиканың өсімі 5% деңгейінде болады деген болжам бар. Барлық негізгі салада оң динамика байқалады. Биыл жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 13,3 мың долларға (6 млн 137 мың теңге, 1 доллар – 461,43 теңге) дейін өсті, - деді премьер-министр Астанада өтіп жатқан AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.

Биыл сыртқы сауда айналымы 140 млрд долларға дейін артады.

«Қазір еліміздің халықаралық резерві – 95 млрд доллар. Инфляция біртіндеп төмендеп жатыр. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда жылдың соңына дейін 2 есе төмендейді», - деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін Үкімет басшысы қазір жұмысшылардың 135 мың теңге жалақы алып жүргенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама