×

Даулы видеодан кейін қызметінен кеткен Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары қайтыс болды

Асхат Есеналиев 2020-2022 жылдары қала әкімінің орынбасары болды

 Еркеғали Болатұлы 11.05.2022 | 14:30
фото: дереккөз

Бүгін Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Асхат Есеналиев қайтыс болды. Еске сала кетсек, биыл әлеуметтік желіде оның мас халде әріптесімен жаға жыртысып жатқан видеосы тараған еді. Сол даулы видеодан кейін Асхат Есеналиев өз еркімен қызметінен кетті. 

Асхат Есеналиевтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды жергілікті журналист Нұрадин Рақай жеткізді. 

Бірбеткейлігі, қарапайымдылығы, іскер, қайсарлығы, жай ғана адамдығы, жігіттік мінезді өмірінде ұстанған азамат еді. Түнеукүні бау-бақша орталығында жолығып едік. Қолымыздағы көшетті тастай салып көрісіп ек. Үй жағындағы көп ағаштың арасында өспей қалған бір-екеуін ауыстыруға келгенін айтып еді. Ағашты егіп, Аллаға асығып кетіпсіз, аға... Жігіт еді... - деп жазды Нұрадин Рақай.

Еске сала кетсек, Асхат Есеналиев Тараз қаласы әкімінің құрылыс саласы мен тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жауап беретін орынбасары болған еді. Ол қызметке 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама