×

Еурокомиссия Ресейге көмектескен ТМД елдерін тексереді

Тергеуге тоғыз ай уақыт берілді

 Дастан Жұмабекұлы 28.08.2023 | 17:10
Фото: kommersant.ru

Еурокомиссия Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне көмектескен Қазақстан мен Түркияға қатысты тексеруді бастады.

Еурокомиссия тергеу жүргізуге негіздейтін жеткілікті дәлелдер бар деген қорытындыға келді, – делінген Еурокомиссия құжатында.

Құжатқа сәйкес, мәселе Еуроодаққа Қазақстан мен Түркиядан жеткізілетін ағаш материалдары туралы болып отыр. ЕО мәліметі бойынша ол шын мәнінде ресейлік және Ресейге қарсы санкцияларға ұшырайды.

Тергеуге тоғыз ай уақыт берілді.

Еурокомиссия Қазақстанды тергеудің басталғаны туралы ресми түрде хабардар етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама