Астанада 9 автобустың бағыты өзгерді

Дәурен Ерболат

Тұрғындар сапарын алдын ала жоспарлауы керек

Фото: Halyq Uni

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 9 автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгерді, деп хабарлады City Transportation Systems АҚ баспасөз қызметі.

Жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №1, 3, 20, 23, 25, 32, 37, 45, 52 бағыттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгертілді, - деп хабарлады ведомство.