Президент қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені реттеуді тапсырды
Тауарларды заңсыз тасымалдауға жол берілмеуі керек
Мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап етілді.
Айта кетсек, қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде көлік кептелісі пайда болған еді.
Қырғызстан ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, 21 тамыздағы жағдай бойынша Қырғызстан шекарасынан өтуге кезекте 370-ке жуық көлік тұр.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелесіне түсінік берген болатын.