5 арнайы комиссия құрылған
Елордада оқушыға футбол қақпасы құлап, мерт болған соң барлық білім ордасы тексерілді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еске сала кетсек, 7 тамызда қаладағы №10 мектепте балаға футбол қақпасы құлап, ол оқиға орнында көз жұмған еді. Осыдан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі барлық мектепте спорт алаңдары тексерілетінін мәлімдеген болатын.
Қасымхан Сенғазыев бұл жұмыс елордада жүргізілгенін атап өтті.
Қайғылы оқиғадан кейін қаладағы 5 ауданда 5 комиссия құрылды. Олар бір апта бойы барлық мектептің аулалары мен спорт алаңдарын тексерді. Барлығы 100 мектеп тексерілді, – деді басқарма басшысы республикалық Тамыз кеңесінің кулуарында.