Ол заңсыз жұмыс істеген
Елімізде 1WIN халықаралық онлайн казиносының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Аталған казиноға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бастады. 1WIN Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде жұмыс істеген.
Ұйым мыңдаған қазақстандықты заңсыз ойын бизнесіне тартқан. Алайда ол букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған.
Ақшаның интернет-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы құмар ойынға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді.
Қазақстан заңына сәйкес, елімізде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызмет тиісті лицензия болған жағдайда ғана ұсынылады.
Бүгінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеті жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.