×

Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салуды қолдады - Энергетика министрлігі

Алайда азаматтық және экологиялық белсенділер бұл бастамаға қарсы болып отыр

 Еркеғали Болатұлы 22.08.2023 | 14:27
фото: Ертай Сарбасов

Бүгін Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Тыңдауда жергілікті халық аймақтағы атом энергетикасының дамуын қолдады. Сонымен қатар оның өз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары маңыздылығын атап өтті, - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Талқылауға қатысушылар АЭС-тің салынуы аймақ үшін экономикалық пайда әкелетініне де тоқталыпты. Алайда АЭС құрылысын жария талқылауға қатысу үшін арнайы келген азаматтық және экологиялық белсенділер бұл бастамаға қарсы болып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша, Алматы облыстық мәслихаты өңірдегі Жамбыл ауданының аумағында АЭС салуға келісу мәселесі бойынша шешім қабылдайды, - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бүгін тұрғындардың көпшілігі қарсы болса, онда басқа орын қарастырылатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама