Атырау облысында қайғылы жағдай болды

Халық үні

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде

фото: inform.kz

Атырау облысында жол апатынан 2 жолаушы мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 21 тамыз күні сағат 19:30 шамасында болған.

Жол апаты Ақтөбе – Атырау –Астрахань (Ресей Федерациясы) бағытындағы республикалық тасжолда тіркелді. Аталған жолдың 635-шақырымы тұсында Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Салдарынан Lada Granta автокөлігіндегі 2 жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал Lada Granta жүргізушісі мен Toyota Prada көлігінің 2 жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізуді бастады.