Ақпарат министрі Telegram желісінде жеке каналын ашты

Халық үні

Министр желіде салаға қатысты ой-пікірін жариялап отыратынын айтты

Дархан Қыдырәлі, фото: facebook.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі екі жаңалығымен бөлісті. 

Біріншісі, телеграмм арна аштым. Бұл көптен көкейде жүрген жоспар еді. Онда салаға қатысты ой-пікірлерімді жариялап отыруға тырысамын.

Екіншісі, бүгіннен бастап «Өзекті» атты YouTube жобаны бастадық. Жобада қоғамда көп талқыланған өзекті мәселелерге жауап іздейміз, - деп жазды министр. 

Сұхбаттың толық шығарылымын осы жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, Дархан Қыдырәлі 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. 

2023 жылдың 10 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады.

Дархан Қыдырәлі министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.