Halyq Uni логотип
×

БҚО-да құны 1 млрд теңгеге жуық темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар сотталды

Тәркіленген өнім жойылуға жатады

 Динара Амантай 21.08.2023 | 10:04
БҚО-да құны 1 млрд теңгеге жуық темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар сотталды
Фото: Halyq Uni

БҚО-да 4 адам темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатпақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА облыстық департаментінің мәліметінше, бір топ адамдардан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн-нан аса қорап темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленген.

Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан іске асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған. Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Тағы бір айыпталушы 1 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейді, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама