×

Қазақстандық балуан араға жеті жыл салып әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Жеті жыл бұрын Темірлан Шадукаев чемпион атанған

 Халық үні 20.08.2023 | 08:54
Фото: uww.org

Иордания астанасы Амманда өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан алтын медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Исхар Құрбаев чемпион атанды. Ол чемпионат барысында түркиялық Эмре Мутлуді 6:1, түркменстандық Абдуали Рахымбаевты 8:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Сүйеуқұловты ұтса, финалда әзербайжандық Фарих Садыхлыны 5:1 есебімен жеңген.

Осылайша, Исхар араға 7 жыл салып қазақ балуандары арасынан әлем чемпионатының алтынын алып отыр. Жеті жыл бұрын Темірлан Шадукаев чемпион атанған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама