×

«Қазақстан» шахтасындағы апат: төртінші кеншінің мәйіті табылды

Шахтадағы апат 17 тамызда шықты

 Халық үні 19.08.2023 | 19:55
фото @ Павел Лисицын

 «Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметі. 

«Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл.

Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың 17 тамызы сағат 10:00-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Сол күні шахтадан 222 адам жер бетіне шығарылды, қалған 5 кеншіні іздеу жұмыстары жүргізілді.

Шахтерлерді іздеу барысында 17 тамызда бір кеншінің мәйіті табылды. «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған өрт салдарынан электрик Виталий Владимирович Слюнков қайтыс болған. 57 жастағы марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл.

Бұл жағдайдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсететінін айтып, бұл жағдай олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал ететінін жеткізді.

18 тамызда екінші кеншінің мәйіті табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама