СҚО-да прокурорлар кәсіпкерлердің 107 млн теңгесін қайтарып берді
2 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Петропавл қаласының прокуратурасымен мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқығын дөрекі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін 34 кәсіпкер жауапкершілікке тарту мерзімінің өткендігіне қарамастан, әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған байланысты Петропавл қаласы прокуратурасының қадалау актісі бойынша лауазымды тұлғалардың заңсыз қаулылары бұзылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.
Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқаны үшін биыл мемлекеттік органдардың 2 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері барлығы 98 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Олардың пайдасына 107 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды. Сомасы 35 млн теңгеге мемлекеттік сатып алулар бұзылды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында аудан прокуратурасы оқушылардың өміріне қауіп төндірген мектеп директорларын жауапқа тартқанын жазған едік.