Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында бейнетіркеу камерасына жантүршігерлік жол апаты түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Алға ауданының Бестамақ ауылы манындағы Ақтөбе – Астрахань автожолында Shacman жүк көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Nissan және Mersedes автокөліктерімен соқтығысқан.

Салдарынан жүк көлігі мен Nissan жеңіл автокөлігінің жүргізушілері түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.