Зардап шеккен 100-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген
Дағыстанда бүгін Махачкаланың шетіндегі жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан адам шығыны болуына байланысты аза тұту күні жарияланды.
Соңғы мәліметке сүйенсек, жарылыс салдарынан 27 адам қаза тапқан. Оның үшеуі – бала.
Республика Үкіметіне қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету бойынша қажет шаралар қабылдау тапсырылды.
РФ ТЖМ өрт аумағы 500 шаршы метр болғанын хабарлады. Оқиға салдарынан 27 адам қаза тауып, 102 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінген.