×

Түркістан облысында екі адамға іздеу жарияланды

Берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған

 Халық үні 14.08.2023 | 19:38
фото: otyrar.kz

Түркістан облысының Полиция департаменті адам өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады, деп Отырар.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Екеуінің де бұлтартпау шарасы –  қамауға алу.

Облыстық gолиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды. Берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама