×

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 10 жастағы қыз табылды

Баланы табуға қала тұрғыны көмектескен

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 10:05
Фото: polisia.kz

Риддерде полиция жоғалған 10 жастағы қызды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл 11 тамызда кешкі сағат 21:56 шамасында ШҚО ПД Риддер қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны келіп, өзінің 10 жастағы қызы жоғалып кеткенін айтқан. Оның айтуынша, баласы кешкі сағат 18:00 шамасында үйден кетіп, қайта оралмаған. Әйел өзі іздеген, бірақ нәтиже болмаған.

Риддер қаласы полиция бөлімінің жеке құрамы қызды дереу іздеуге кіріскен. Нәтижесінде бала 12 тамызда таңертең табылып, туыстарына қайтарылды.

Полиция мәліметінше, қыз серуендеуге шешім қабылдаған. Алайда оны ата-анасына айтпаған. 10 жастағы қызды табуға отбасының танысы, қырағы қала тұрғыны көмектесті.

Әйел қызды үйіне шақырып, содан кейін туыстарына оның орналасқан жері туралы хабарлаған.

Полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауға және сақ болуға кеңес береді. Қараусыз қалған бала кез келген уақытта қиын жағдайға ұшырауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама