Бұрынғы министр Аустрияға елші болып тағайындалды

Дәурен Ерболат

Ол халықаралық ұйымда да жұмыс істейді

Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Тілеуберді мен Данат Мұсаевты жаңа қызметтерге тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстанның Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Қазақстанның Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстанның Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.