×

Балаларды құтқарып, қаза тапқан ер адамның отбасы марапатталды

Министр «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»  медалін табыс етті

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2023 | 11:45
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 2015 жылғы 7 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданы Исаево ауылының жанындағы тоғанда ата-аналарының қарауынсыз шомылып, суға батып бара жатқан балаларды құтқарған Рауан Бірқұрмановтың отбасын марапаттады.

Сол күні Рауан Бірқұрманов отбасымен тоғанға барған. Онда 10-12 жастағы балалардың ата-аналарының қарауынсыз суға түсіп, бата бастағанын байқаған еді. Рауан киімімен көмекке асығып, 1 ұл мен 1 қызды судан шығарып, тағы 2 баланы құтқарғысы келген. Алайда балаларға қарай суға сүңгіп кетіп, қайта шықпады.

Төтенше жағдайлар министрі Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Рауан Бірқұрмановтың отбасымен кездесіп, қаза тапқан ер адамды өз өмірін құрбан етіп, балалардың өмірін құтқарғаны үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»  медалімен марапаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама