×

Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды

Байқауда 130-дан аса қатысушы бақ сынады

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 09:20
Фото: Telegram/QR Oqu-ağartu ministrlıgı

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында өткен XXIV республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайыс қорытындысы бойынша министрліктің дипломымен 56 оқушы марапатталды:

  • I дәрежелі диплом – 13 қатысушы;
  • II дәрежелі диплом – 19 қатысушы;
  • III  дәрежелі диплом – 24 қатысушы.

Сондай-ақ үздік командалар да анықталды:

  • Бас жүлде – Шығыс Қазақстан облысы;
  • 1 орын – Абай облысы;
  • 2 орын – Қарағанды облысы;
  • 3 орын – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.

Айта кетейік, ХХIV республикалық Абай оқулары Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді.

Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан аса жас абайтанушы қатысты.

Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша бақ сынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама