×

Астанадағы «Еуразия» сауда орталығында өрт шықты

Тілсіз жау 20 шаршы метрді алып кетті

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2023 | 17:43
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін түсауа Астанадағы «Еуразия» сауда орталығында өрт шықты. Өрт туралы хабар Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне уақытында келіп, сағат 15.57-де өрт сөндіру бөлімшелері  «Еуразия» сауда орталығындағы өрт бойынша шақыртуға шықты.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін бірінші қабатта 20 шаршы метр алаңда заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртенгені анықталды.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 16.11-де оқшауланып, сағат 16.33-те жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, –  делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 68 адамы және 14 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама