Президент Екібастұз әкімдігіне «шыдамның да шегі бар» екенін ескертті (ВИДЕО)

Динара Амантай

Мемлекет басшысы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Екібастұз әкімдігіне «шыдамның да шегі бар» екенін ескертті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлылық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған болатын.