Президент Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

Дәурен Ерболат

Ол өңірдегі бірқатар өндірістік нысанды аралайды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда.

 Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.

 Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.