×

RBK ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген азамат Мәскеу облысында ұсталды

Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде

 Халық үні 10.12.2021 | 10:30
фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері халықаралық іздеу жарияланған В.Власовты Мәскеу облысында ұстады.

Оған қатысты «Банк РБК» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі несие қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болатын.

Қазір іздестірілушіні Мәскеу облысының Ішкі істер органдары қамауға алды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама