Алматыдадан 17 шақырым жерде жер сілкінісі болды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 6 тамызда Алматы уақытымен 20:29-да (Гринвич бойынша 14:29-да) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8. MPV магнитудасы - 4.2.
Эпицентрдің координаттары 43.06° С. Е. 76.89° ш. б.
Тереңдігі 10 шақырым. Жер сілкінісін сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы, Алматы-Арасан шатқалы 2 балл.
Сағат 20:29-дан 21:20-ға дейінгі аралықта «112» желісіне қоңыраулар түскен жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.