Бурабайда өртенген қонақ үйде 106 адам болған

Еркеғали Болатұлы

Өрт үш қабатты «Алматы» қонақ үйінің сервер бөлмесінен шықты

фото: ашық дереккөз

Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама бүгін сағат 11:59-да түскен. Өрт үш қабатты «Алматы» қонақ үйінің сервер бөлмесінен шығыпты.

Өрт сөндірушілер үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 13:00-де толығымен өшірілді. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыды.